Шымкентте жаңадан салынып жатқан нысанның төбесі құлады: 6 өзбекстандық ауруханаға түсті

191

Шымкентте жаңадан салынып жатқан нысанның төбесі опырылып құлады. Өзбекстандық 6 жұмысшы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Бүгін күндізгі сағат 15: 30-да Қаратау ауданының Сайрам тұрғын алабында, Ибрагим ата көшесінде салынып жатқан жаңа ғимараттың төбесі мен бетон қабырғалары құлады. Мұнда шайхана салынып жатқан. Нысанның жалпы аумағы 1500 шаршы метрді құрайды, деп хабарлайды Шымкент қаласының төтенше жағдайлар басқармасының сыртқы және ішкі байланыстар бөлімі.

Оқиға орнында 6 жұмысшы жарақат алды. Зардап шеккендер олар №3 қалалық ауруханаға жеткізілді. Жұмысшылардың алтауы да Өзбекстан Республикасының 1996 ж.т., 1981 ж.т., 1989 ж.т., 1979 ж.т., 1978 ж.т., 1978 ж.т., 1986 ж.т азаматтары.

Оқиға орнында Өрт сөндіру қызметінің 24 қызметкері мен 3 техникасы, 8 құтқарушының жеке құрамы, 2 техника жұмыс істеді.