Іздеу қосымшасы Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтарын төтенше жағдайлар туралы ескертеді
Қауіп пайда болған жағдайда, пайдаланушылар смартфондарына хабарлама алады.
Яндекс қосымшасы Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтарына төтенше жағдайлар мен басқа да оқиғалар туралы ескертуді үйретті. Хабарламалар смартфонға ескерту түрінде келіп түседі және үйреншікті смс-ке қарағанда тезірек келеді. Ақпарат көзі — Қазақстан төтенше жағдайлар департаменті.
Пайдаланушыларға хабарланатын оқиғалар арасында:
күрделі метеорологиялық жағдайлар (дауылдар, қатты ыстық, боран, көктайғақ және т.б.);
су тасқыны және жер сілкінісі;
трассаны жабу;
оқу орындарында сабақтарды тоқтату;
ТЖД басқа хабарландырулары — мысалы, таулардағы өрттердің жоғары ықтималдығы туралы.
Яндекс қызметкерлері ТЖД хабарламаларын пайдаланушыларға жібермес бұрын өңдейді. Қажет болса, мәтіннен керек емес бөліктерді алып тастайды, оны қысқартады. Сондықтан адамға тіпті не болғанын білу үшін телефонды бұғаттан шығарудың қажеті жоқ — ең керегі ескертуден-ақ түсінікті.
«Қазақстан аймақтарындағы ауа райы құбылмалы болып келеді, көбінесе табиғи құбылыстар үлкен қиындықтарға себеп болуы мүмкін. Біз қазақстандықтар үшін барынша пайдалы жаңа функционалдықты жасау барысында жергілікті ерекшелікті ескердік. Ескертулерде үш басты артықшылықтар бар: олар смс-хабарламаларға қарағанда жылдам келеді, адамның орналасқан жерін ескереді және түсінікті тілмен жазылған», — дейді Қазақстандағы Яндекс дамыту жөніндегі менеджер Иван Анойкин.
Ескертуді алу үшін IOS немесе Android-қа арналған Яндекс қолданбасын орнату керек. Яндекске ескертуді іске қосуға Қазақстанның Төтенше жағдайлар департаменті мен технологиялық серіктес — Darmen компаниясы көмектесті.
Қазіргі іске қосу — қауіпсіздік саласында сандық технологияларды қолдануға бағытталған ТЖД көптеген жобаларының бірі.
«Яндекс» компаниясы