2020 жылы Шымкентке 590 автобус әкелінеді

351

Қоғамдық көлікті күніне 650 мыңға жуық адам пайдаланады. 25 тасымалдаушы мекемеде 1 621 автобустар бар. Олардың 60%-ы ескірген.

Жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін ағымдағы жылы 300 жаңа автобус алынды. Бұл жерде Нұр-Сұлтан қаласының тәжірибесі қолданылады, арнайы мамандармен бірлесе жұмыс тобы құрылып, жол картасы бекітілді.

Жоспарға сәйкес, қаланың көлік саласын даму схемасы әзірленеді. Және 2020 жылы 590 жаңа автобус алынады.

Одан бөлек, келесі жылы қоғамдық көлік бағыттарын жаңа форматқа көшіру,заманауи диспетчерлік орталық құру, электрондық билеттендіруді енгізу жұмыстары да қолға алынады.