Шымкентте аудан әкімдері халық алдында есепті жиындар өткізеді

641

Жылдың басында әкімдердің халық алдында есеп беру кездесулері жоспарланған. Алғашқы есепті жиынды Әл Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов  қаңтардың 13-не  «Сәуле» шағынауданындағы №129 мектепте өткізеді.

Осы айдың 24-не дейін жалғасатын кездесулерде Шымкент қаласындағы 4 ауданның әкімдері халық алдында былтыр атқарылған жұмыстар бойынша есеп беріп қана қоймай, биылға түзілген жоспарларымен бөліседі.

Айта кететін жәйт, әр аудан әкімдігінде және бекітілген орындарда арыз шағымдарға арналған жәшіктер орнатылған. Егерде ұсыныс, сын-ескертпеңіз болса, мына телефондарға хабарласуыңызға болады.

Абай ауданы әкімдігі ватцап:  8-777-489-86-84, 53-03-16
Еңбекші ауданы әкімдігі ватцап: 87475109055
Әл Фараби ауданы әкімдігі:  54-58-46, 53-79-09
Қаратау ауданы әкімдігі: 77-45-64, 77-45-62, 77-45-63

Есепті жиындардың өтетін күні, ұсыныстар мен сын-ескертпелерге арналған жәшіктердің орналасқан орындары жайлы мәліметтерді «Отырар» телеарнасының сайттары мен «Рабат» газетінің 1-2 санына ала аласыздар. Мүмкіндіктеріңізді пайдаланып, белсенділік танытыңыздар.

Шынар Оразова