Шымкентте көмір бағасы қымбаттады

709
фото Ашық дереккөзден

Шымкент қаласында көмір бағасы 500 теңгеге қымбаттады.

 

Көмір қымбаттады

Қазір отын базасында көмірдің тоннасы 14 мың 200 теңгеден сатылып жатыр. Былтыр қатты отынның  бағасы тоннасына – 13 мың 700 теңге болған. Мұны сатушылар баға саясатына өндіруші тарапынан өзгергенімен түсіндіреді. Қазір отын базасында қарбалас байқалмайды.

«Тұрғындар тарапынан сұраныс та жылдағыдан азайған. Өңірдің көп елдімекендеріне табиғи газ құбыры тартылғандықтан, қазір көмірдің негізгі алушысы өндіріс орындары мен жылыжайлар», дейді отын базасының менеджері  Қалихан Әбубәкіров.

Көмірмен  баспанасын  жылытатын  тұрғындар   қатты отынды  үйіне жеткізген көлік жүргізушісіне қашықтыққа байланысты төлем жасайды. Егер де былтыр ауданға дейін  көлікпен көмірді жеткізу бағасы 6 – 10 мың теңге төңірегінде болса,  жақында жанар-жағармайдың бағасы көтерілгендіктен жеткізу құны да өскен болар.

Шынар Оразова