Жанармай бағасы тағы көтеріледі ме?

168

Елімізде бензин бағасы тағы да қымбаттады. Қазір жүргізушілер жиі тұтынатын АИ-92-нің бір литрі кейбір жанар-жағармай бекеттерінде тіпті 153 теңгеге дейін көтерілген.

Жауаптылар бұған акциз құнының көтерілгені себеп деп отыр. Алайда Үкіметтегілер осыған дейін акция құнының жанар-жағармай нарығына әсер етпейді деген болатын. Сұранысқа ие бензин түрі осыған дейін жанар-жағармай бекеттерінде 140 теңгеден саудаланып келген. Осыдан бірер күн бұрын 10 теңгеге бір-ақ көтерілді. Бұл қымбатшылық әсіресе такси жүргізушілеріне бұл қолайсыз болып тұр.

Жолаушыларды діттеген жеріне жеткізіп, нәпақа табатын жүргізушілер бензин қымбаттаған сайын табысымыз да азая түседі дейді. Осыған дейін дейін бензинге акциздің көтерілгеніне халықтың алаңдауына негіз жоқ деп келген үкімет басындағылардың сөзі де далада қалды.

Экономика министрлігіндегілер бұл өзгеріс бензин бағасына бірден әсер етпейді деген болатын. Алайда, бүгінгі нарықтың сыйқы басқаша. Тіпті алдағы уақытта баға саясаты қайтадан тұрақталады ма, жоқ па ол да әзірге белгісіз. Жанар-жағармайдың бірден 10 теңгеге көтерілуі өзге де тауарлардың шарықтауына себеп болмаса деңіз. Бұқараның көңілін күпті еткен сауал да осы.

Мақпал Рысбаева