Диханкөл ауылының азаматтары асар жасады

501

«Қамқорлық» бағдарламасы Диханкөлде.

«Қамқорлық» бағдарламасы аясында Диханкөл ауылындағы екі отбасыға ауыл тұрғындары көмек көрсетті. Аталған ауылдың азаматтары жиылып, ынтымақ, бірліктің болған жерінде жарасымды тірліктің болатындығын байқатты.

Тұрғын үйдің төбесіндегі ескірген шифер жабындыларды ауыстырып, көмір түсіріп, азық-түлік, дәрі-дәрмек, киім-кешек берілді.

«Ауылына қарап азаматын таны» дегендей, осы сауабы мол, тәрбиелік мәні зор тірліктің басынан табылған ауыл азаматтарының еңбегі орасан.