Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде 14 ақпан күні Шымкент қаласының әкімі азаматтарды қабылдады.
Осы тұжырымдама негізінде қала әкімі елуге жуық тұрғынның мәселесін тыңдады. Қабылдауға қала әкімінен бөлек қалалық мәслихаттың хатшысы Ғ.Ташқараев, «Nur Оtan» партиясының қалалық филиалы төрағасының орынбасары Б.Нарымбетов, Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасының директоры Н.Қабыштаев пен қоғамдық келісім төрағасы және депутаттар қатысты.
Есепті кездесуінен кейін қала басшысы «Көрме» орталығында әр өтініш берушінің шешімін мұқият тыңдап, көтерілген әр мәселе заң шеңберінде қаралып, шешілетінін атап өтті.
Қабылдауға келген азаматтардың көпшілігі баспана алу, жұмысқа орналасу, әлеуметтік көмек алу, балабақша кезегіне тұру, жер телімдерін заңдастыру, медициналық қызмет көрсету сапасы бойынша мәселе көтерді.
Еске салсақ, 13 ақпан күні Шымкент қаласының әкімдігінде азаматтарды бірыңғай қабылдау күні өткен болатын. Онда Мұрат Әйтенов пен қала әкімінің орынбасарлары және аудан әкімдері жалпы саны екі жүзге жуық азаматты қабылдады.