Шымкенттегі 10/216 А әскери бөлімінде қару жарақтың жоғалғанына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл ақпаратты Шымкент әскери гарнизоны прокурорының орынбасары Ермек Шалбаев растады.
Инсейдерлік дерек бойынша аталған әскери бөлім қызметкері нысан аумағынан 30 дана Калашников автоматын, 27 дана Макаров тапаншасын, 5,45 калибрлі 400 дана және 8 мм 24 дана оқ-дәрі ұрланған.
Қазір Шымкент қаласы мен Түркістан облысында тосқауыл шарасы жарияланып, тәртіп сақшылары бақылауды күшейткені белгілі болды.
Айта кетейік, 10/216 А әскери бөлімі әуе қорғаныс күштеріне қарасты.
Ғалымжан Кенжебек