Түркістан облысы Семейде 5 ауланы абаттандыруға 700 млн. теңге бөлді

91

Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын туған өлкесі Семейде жоғары деңгейде өткізу мақсатында былтыр мемлекеттік комиссия құрылған.

 

Шараны абыроймен өткізу үшін бюджет қаржысынан бөлек демеушілер, қоғамдық ұйымдар мен жергілікті атқарушы биліктің мүмкіндігі қарастырылуда. Барша қазақ халқына ортақ мерейтойды өткізуге барлық өңірлер атсалысуда. Түркістан облысы да үлесін қоспақ.

Арман Абдуллаев, Түркістан облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасының басшысы: «Ұлы Абайдың – 175 жылдық  мерейтойын өткізу үшін Шығыс Қазақстан облысынан Семей қаласындағы 5 ауланы абаттандыру  жөнінде ұсыныс түсті. Осы мақсатта облыс бюджетінен 700 млн. теңге бөлініп отыр».

Шымкент қаласындағы 325 мыңнан астам халқы бар Абай ауданында 45 ауланы абаттандыруға биыл 1,5 млрд. теңге қарастырылған.

Шынар Оразова