Түркістанда 3 мыңға жуық жұмыссыз ба

114

 Былтыр Түркістан қаласының халық саны 171 438 адамды құраған. Оның iшiнде 53 069 адам экономикалық тұрғыдан белсендi халық санатына жатқызылған.

Ал өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 24 мыңнан асып жығылады. Бұл туралы қала әкімі Рашид Аюповтың қорытынды есебінде айтылды.

Шаһар басшысының айтуынша, жұмыссыздар саны 2 669 адамға жетіп, жұмыссыздық деңгейi 5,0 пайызды құрапты. Былтыр 100-ден аса отбасына тұрғын үй көмегі ретінде 2 млн. теңге тағайындалыпты.

Мақпал Рысбаева