Азық-түлік бағасы аспандап барады

106

Доллармен бірге бүгінде сауда орталықтарындағы сөрелерде азық-түлік бағасы да аспандап барады. Бұған дейін ел қанттың күрт қымбаттауына шағымданса, міне бүгін картоптың да құны аспандап кеткен.

Бұл жағдайдан қаладағы кәсіпкерлік және индустриалды-иновациялық даму басқармасы да хабардар екен. Олар бұл үшін жергілікті сауда орталығына 800 млн. теңге несие берген екен.

Береке Дүйсебеков, Шымкент қаласы кәсіпкерлік және индустриалды- иновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары: «Халықтың арасында азық-түлік бағасына көңілдің толмауы болып жатыр. Бағаны қалпына келтіру үшін бүгінде біз «Грамад» сауда орталығына 800 млн. теңге несие бердік. Осы арқылы дәл осы сауда орталығында 11 әлеуметтік азық-түлік бағасы бұрынғы қалпында қалады. Және өзге де сауда орындарымен келіссөздер жүргізілу үстінде».

Назерке Үкібасова