Шымкенттік боксшы олимпиадаға жолдама алды

242

Шымкенттік боксшы Закир Сафиуллин олимпиада ойындарына лецензия жеңіп алды. 63 келі салмақта сынға түскен жерлесіміз ширек финалда ирандық спортшыдан басым түсті. Төрешілердің бірауыз шешімімен жартылай финалға шыққан ол осылайша жолдамаға ие болды.

Закир бүгін тағы да шаршы алаңға шығады. Айта кетейік, Қазақстан спортшылары осы уақытқа дейін Токиодағы жарысқа 31 лецензия алып үлгерді. Иорданияда өтіп жатқан ағымдағы жарыста Сафиулиннен бөлек тағы 6 боксшы жолдама алған.

 

  Назерке Үкібасова