Тұрғын үйлерге өтінім қабылдау кейінге қалдырылды

114

Құжаттар қабылданбайды. Шымкентте «2-10-20» бағыты бойынша несиелік тұрғын үйлерге өтінімдер қабылдау кейінге қалдырылды.

2020 – 2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша баспана алуға ниетті азаматтар бүгін басқармаға таң сәріден жиналыпты. Мамандар арнайы хабарландырулар іліп, келген тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Жауаптылар азаматтарға құжат қабылдау мерзімінің қосымша хабарланатынын ескертті.

Гүлнар Әшірбаева, Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасының бөлім басшысы: «Төтенше жағдайға байланысты бүгін құжаттар қабылданбайды. Қабылдайтын мерзімді қосымша хбарлап айтатын боламыз».

Алайда, көпшілік елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты құжаттар қабылдаудың кейінге қалдырылғанына түсіністік танытқысы келмеді. Тәртіп сақшылары азаматтарды сабырға шақырып, таратуға тырысты.

Мақпал Рысбаева