Блок бекеттерден қала тіршілігін қамтамасыз ететін көліктер өте алмаған

85

 

«Қып-қызыл шығынға бататын болдық». Қолында қозғалысқа рұқсат беретін құжаты бола тұра қорғаныс бекеттерінен өте алмаған кәсіпкерлер осылай дейді.

Блок посттарда тұрып қалған бизнес өкілдері арнамызға арыздана хабарласты. Қозғалысты реттейтін онлайн жүйе алғашқы күні-ақ сыр беріп, тіршілікті қамтамасыз ететін көліктердің қозғалысын тоқтатып қойды. Қозғалысты реттеу онлайн жүйеге ауысқан алғашқы күнгі қорғаныс бекетіндегі жағдай осы.

Басқасын айтапағанда бас санитар қаулысымен қозғалысы шектелмеген тіршілікті қамтамасыз ететін көліктердің өзі қорғаныс бекеттерінен өте алмай қалған. Кәсіпкерлер онлайн жүйедегі олқылықтың салдарынан біз шығындалатын болдық деп шағынады.

Қорғаныс бекеттерінен коронавирус дертімен күрес үшін қажетті құрал-жабдықтар тасымалдайтын жүктер де өте алмай қалды. «Анықтамамыз бола тұра тауарларымызды діттеген жерімізге жеткізе алмадық» дейді кәсіпкерлер.

Билік өкілдері онлайн жүйедегі олқылықтарды жоққа шығармады. Айтуларынша азаматтар мен көліктердің қозғалысын реттейтін сайттың жұмысы сапасыз болған. Жауаптылар мұны ІТ компаниының салғырттығынан деп отыр.

Жергілікті билік өкілдері тіршілікті қаматамасыз ететін көліктердің емін-еркін жүруін қатаң қадағалайтын боламыз деп сендірді. Қорғаныс бекеттеріндегі жағдайды реттеуге енді әкімдік өкілдері жұмылдырылатын болды.

Мақпал Рысбаева