Коронавирус жұқтырған бес адамның барлығы Жетісай ауданының тұрғындары

206

Түркістан облысының бас санитарлық дәрігері Нұрбек Нышанов брифингте Түркістан облысының коронавирус жұқтырған тұрғындары туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Олардың барлығы Жетісай ауданынан. Түркістан облысында коронавирустық инфекцияның бес жағдайы тіркелді.

Ауруға шалдыққан адам — Нұр-Сұлтанға іссапармен барған Жетісай ауданының тұрғыны. Бүгін Нұр Сұлтан қаласынан келген індет жұқтырған адамның жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды. Вирус жұқтырған науқаспен байланысын тексеру тағы 3 жағдайды көрсетті. Сондай-ақ, тексеру барысында Алматыдан келген науқастан да оң нәтиже расталды.

Эпидемияға қарсы барлық қажетті шаралар, адамдарды оқшаулау және зертханалық зерттеулер жүргізілді, олар медициналық бақылауда. Байланыста болған 41 тұлға анықталды. Барлық жақын байланыста болғандар зертханалық зерттеулерден өткізілді, карантиндік ауруханада оқшауланды.