Коронавирустан қайтыс болғандар қалай жерленеді?

112
фото inform.kz

Бас санитар дәрігер коронавирустан қайтыс болғандар қалай жерленетінін айтты.

«Мен арнайы қаулымен коронавирус жұқтырғандарды жерлеу рәсімінің алгоритмін бекіттім. Коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандардың денесі туысқандарына берілмейді. Қоштасуға тек 30 минут беріледі. Ара қашықтық 3 метрден кем болмауы керек. Жерлеу рәсіміне жақын туыстары мен имам қатыса алады», – деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Назерке Үкібасова