Шымкентте адамның мәйіті табылды

676

Шымкентте карантин режимі кезінде, қаланың қақ ортасынан адамның мәйіті табылды. Егде жастағы ер адамның мүрдесін Гагарин көшесі, №38 үй аумағынан тұрғындар көріп қалып, тез арада жедел жәрдем шақырыпты.

Абай аудандық полиция басқармасының полицейлері де оқиға орнына шұғыл жетіп, тергеу амалдарын бастады. Үй ауласындағы орындықтан табылған мәйіттің жанынан арзан бағадағы спирттік ішімдіктің бөтелкесі мен заттары түйілген дорба жатыр екен. Және оның жеке басын анықтайтын әзірге ешбір құжаты табылмаған.

Ал сондағы тұрғындардың сөзіне сенсек, бұл адам соңғы кездері ішімдікке салынып, қаңғыбастардың қатарына қосылып кеткен.

Мөлдір Бекеева