Шымкентте жауған қардың биіктігі 22 см-ге жеткен

437

Сәуірдің 8-і нен 9-на қараған түні  Шымкентте жауған қардың  биіктігі 22 см-ге жеткен.  Теңіздің деңгейінен 1947 метрде орналасқан Шуылдақ станциясында қар 30 см -ге дейін түскен.

Төлеби ауданындағы Тасарық метеостанциясында қардың қалыңдығы 29 см-ге жеткен, таулы Түлкібас ауданындағы «Тұрар Рысқұлов» метеостанциясында  және Қазығұрт ауданындағы «Қазығұрт» метеостанциясында  19 см -ге дейін  түскен.

«Қазгидромет» РМК Түркістан облыстық филиалының директоры Маханбет Жазықбаевтың айтуынша  Оңтүстік өңірінде және Шымкентте  жауын-шашын қарға ұласатыны жайлы  алдын ала болжам болған, төтеншеліктер  дабылды ескерту туралы СМС арқылы тұрғындарды  ақпараттандырды.

Көктемдегі ауа – райындағы ауытқушылық  2016 жылы орын алған. Онда 31-ші  наурыз бен 3-ші мамыр аралығында қар жауып, үсік болған. Түркістан облысында бүгінде 18 метеостанция жұмыс істейді.

Шынар Оразова