Төлеби ауданында тоғыз тұрғын үй тұрғызылады

352

 

Түркістан облысында тұрғын үй құрылысы жылдан жылға қарқын алып келеді. Мәселен, Төлеби ауданында соңғы үш жылдың қорытындысы бойынша 5 қабаттан тұратын 10 тұрғын үй бой көтеріп, бас-аяғы 540 пәтер пайдалануға берілген.

Ал, осы жылы Ленгір қаласындағы 1-мөлтек ауданында 5 қабаттан тұратын әрқайсысы 20 пәтерлі 9 үйдің құрылысын жүргізу жоспарланды. Олардың жалпы аумағы – 11 000 шаршы метр, 180 пәтер.

Бүгінгі таңда мердігер мен инжинирингтік қызмет көрсетуші мекемелер анықталып, келісім-шарт түзу жұмыстары жасалуда. Осылайша, келесі жылы ауданда 180-ге жуық отбасы баспаналы болмақ.

 

QAINAR KÓZТүркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі