Қоғамдық кеңес отырысында электрондық төлем жүйесі талқыланды

256
Т.Хосчанов, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасының басшысы

Шымкенттегі қоғамдық көлікте электронды төлем жүйесі енгізілмек.

Бұл жаңашылдық жақында қоғамдық кеңесте  онлайн режимде  талқыланды. Депутаттар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері жаңа жүйе енгізілгенде туындайтын күрделіктердің алдын алу шаралары жайлы жауапты- қалалық көлік тасымалы және автомобиль жолдары басқарма басшысының баяндамасын тыңдады. Студенттер және аз қамтылған отбасыларындағы оқушыларға қатысты жеңілдіктер қарастырылған.

Бастапқыда қиындықтар болатынын атап өткен Хосчанов мырза тамызда жүйеге толық өту мақсатында қазірден электрондық төлем жүйесіне  кезеңімен өтіп, қателіктерді айқындап, оларды болдырмау бойынша жұмыс атқарылмақ деді.

Шынар Оразова