Түркістан облысының полицейлері көшеде тастап кеткен нәрестенің анасын ұстады

180

07. 06. 2020 жылы сағат 10:00 шамасында Сайрам АПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті тұрғыннан Ақсукент ауылының көшелерінің бірінде сүлгіге оралған күйде жылап, нәресте жатқаны жөнінде хабарлама келіп түскен.

Аталған хабарлама бойынша оқиға орнына Сайрам АПБ бастығы бастаған жедел тергеу тобы шықты. Тәртіп сақшылары көрсетілген мекен-жайға келіп, сүлгіге оралған, туылғанына 4-5 сағат болған, бойы шамамен 50 см болатын шақалақты тапқан. Тез арада нәрестені аудандық орталық ауруханаға жеткізген, қазір баланың жағдайы жақсы.

Осы дерек Сайрам АПБ-на ҚР ҚК-нің 119-бабымен тіркелді.

Дәрігердің анықтамасына сәйкес жас нәресте, қыз жынысты, салмағы 2. 75 кг, бойы 52см, азиат нәсілді, өзбек ұлтына ұқсас, туылғанына 4-5 сағат болғаны белгілі болып отыр.

Полицейлердің жедел-іздестіру жұмыстары нәтижесінде баланың анасы анықталып, 1-2 сағат ішінде табылды. Қазіргі таңда осы іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.