Теміржол вокзал басшыларына жолаушылардың қауіпсіздігін қамту міндеті жүктелді

298

1 маусымнан бастап пойыздар да жолаушы тасымалдай бастады.

Шымкент теміржол вокзалы

Бірінші кезеңде республика бойынша 54 пойыз қатынайды. Шымкенттегі теміржол возкалынан әзірге Алматы, Нұрсұлтан, Петропавл бағытында  қатынауға  рұқсат бар. Сонымен қатар, бірінші кезеңде алты ғана жолаушылар пойызы жүреді.

Айта кетерлігі, вокзалға тек бетпердемен кіруге рұқсат. Ғимаратқа кірген, шыққан азаматтардың дене қызуы  арнайы   жабдықпен термометрмен тексерілуі тоқтаған жоқ.

Ерғали Мырзахмет, Шымкент  ст. вокзалының бастығы: «Бірінші кезеңде 54 жолаушылар пойызы  жүре бастаса, екінші кезеңде  тағы 34 қосылады.  Шекара ашылғанда  теміржол байланысы толық іске қосылады. Оның жүзеге асырылуын қамту мақсатында барлық сақтық шаралары  орындалуы тиіс. Бізде барлығы бетперде киіп жүр, ғимаратта және вокзал аумағында жиі залалсыздандыру ылғалды тазалау шаралары жүргізілуде.

Шынар Оразова