Жәрмеңке жұмысын қашан бастайды?

212

 

Бүгін Қаратау ауданы әкімі де аудандағы эпидемиялық ақуалды баяндап, арнайы брифинг берді. Ауданда осыған дейін 464 адам ковид-19 дертіне шалдыққан. Оның 80 пайызы ауру белгілерінсіз тіркеліпті.

Бүгінге дейін коронавирустың 134 ошағы анықталған. Билік өкілдері қауіпті орындар мен мемлекеттік мекемелерде, көпқабатты тұрғын үйлерде дезинфекциялық жұмыстар ұдайы жүргізіледі дейді.

Журналистерді толғандырған сауалдарға жауап берген аудан басшысы жәрмеңке жұмысына қатысты да түсініктеме берді. Айтуынша, қалада азық-түлік өнімдерін қолайлы бағамен сататын жәрмеңкенің ұйымдастырылуына қашан рұқсат берілетіні әзірге белгісіз.

Халықтың өтінішін ескерген билік өкілдері тиісті департаментке ұсыныстарын жолдаған. Алайда, қаладағы эпидемиялық жағдайды ескерген мамандар нақты жауабын айтпай отыр дейді әкімдіктегілер.

Мақпал Рысбаева