Дәрілерді қымбат бағаға сатқан

221

Түркістан облысы полицейлері 150-ге жуық карантин талаптарын бұзушылық пен дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен сатудың 30-дан астам фактісін анықтады. Мобильді топтар күн сайын дәрілік заттарды жоғары бағамен заңсыз сату және басқа да құқықбұзушылық жайттердің жолын кесу үшін рейдтік іс-шараларын жүргізуде.

Жетісай ауданында полиция бөлімінің ЖПҚ патрульдік полиция қызметкерлері қызметтерін атқару барысында сағат түскі 13.00-де Алматы қаласына бара жатқан 12 жолаушысы бар автобусты тоқтатты. Полиция қызметкерлері жолаушыларды тексеріп, олармен карантинді бұзуға жол бермеу керектігі түсіндірілді. Жүргізуші мен жолаушылар автобусы Жетісай АПБ-на жеткізілді.

Тәртіп сақшылары автокөлікті айыптұрағына қойды.Оған қоса тәртіп сақшылары Қазығұрт ауданында дәрі-дәрмектерді қымбат бағамен сату фактісін анықтады. Полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан дәріханалардың бірінде оған дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен сатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Полицейлер дәріхананың сатушысы тұтынушыға «Анаферон» дәрісін және «ацетилсалицил қышқылының» қаптамасын жалпы сомасы 1600 теңгеге сатқанын анықтаған.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға карантиндік шараларды қатаң ұстануға, аса қажеттіліксіз көшеге шықпауға, үнемі бетперде киюге, антисептикті пайдалануға, қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды.

Мақпал Рысбаева