Екі дәмханада өрт шықты

203

Бір тәулікте өрт сөндірушілер 10 шығу жасады
Өткен тәулік ішінде Шымкент қаласы ТЖ департаментінің өрт сөндіру бөлімшелері өртке 10 рет шықты. Негізінен құрғақ шөптер мен контейнерлердегі қоқыс өртенген, сондай-ақ екі нысан отқа оранған.

2020 жылғы 20 шілдеде сағат 03:29-да Шымкент қаласының дағдарыс жағдайында басқару басқармасының жедел кезекші ауысымына Нұрсәт шағын ауданы, Шанин көшесі мекенжайы бойынша өрт туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімшелері жеткенде бес қабатты тұрғын үйге жапсарласа соғылған жалпы көлемі 160 ш.м. «Г» тәрізді екі қабатты ғимараттың бірінші қабатында «Арзан» азық-түлік дүкенінің, көлемі 30 ш.м. азық-түлік, көлемі 20 ш.м. 1 дана пластикалық витраж терезе жақтаулары және екінші қабатында орналасқан «Донер» орталығында көлемі 30 ш.м. ағаш төбе жаппасы, көлемі 4,5 ш.м. дүкен жанып жатқаны анықталды.

Өрттің жалпы көлемі 65 ш.м. құрады. Сағат 03.38 минутта өрт ауыздықталып, 04.00 — де толығымен жойылды. Өрт орнында Өрт сөндіру қызметінің өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамында 28 адам, 5 техникасы жұмыс атқарды. Сондай-ақ, Апаттар медицинасы орталығы филиалының 1 бригадасы жұмылдырылды. Оқиға салдарынан қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

20.07.2020 жылы сағат 04 сағат 11 минутта Еңбекші ауданы, Ерімбетов көшесі н/з мекенжайда орналасқан жазғы «Кортус» кафесінің ауласында көлемі 195 шаршы метр ағаш орындықтары, тапшандар және ағаш қоршаулары жанып, қасында орналасқан 120 шаршы метр құрайтын «Инста бар» кафесіне өтіп, көлемі 32 ш.м. сыртқы қаптамасы, 4 ш.м. ішкі қаптамасы жанды.

Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің беті 04 сағат 37 минутта оқшауланып, 04 сағат 41 минутта толығымен сөндірілді. Өртті сөндіруге Өрт сөндіру қызметінің жеке құрамында 36 адам, 7 техникасы және «Апаттар медициналық орталығы» филиалының 1 бригадасы жұмылдырылды.

Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді: оқиға болған жағдайда өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың «101» немесе «112» бірыңғай телефоны бойынша қоңырау шалыңыз.