Орталық көшеде гараж өртенді

193

 

Жазғы өрт қауіпті кезеңінде қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау қаеттілігін ТЖ мамандары үнемі ескертіп келуде. Басым көпшілік орын алатын өрттердің себебі адам факторы, олардың немқұрайлығы, сақтық шараларын сақтамуы болып табылады.

Абай ауданы, Ә. Қастеев көшесі бойында орналасқан жеке гаражда өрт шыққаны турлы хабарлама 2020 жылғы 01 шілдеде сағат 19:02-де келіп түсті. Оқиға орнына келіп жеткен алғашқы өрт сөндіру бөлімдері жалпы көлемі 160 ш.м. құрайтын гараждың шатыры, ішінде жүк тасымалдайтын «Газель» маркалы автокөлік толығымен және 2 автокөліктің ағаш борттары жанғанын анықтаған. Өрт сөндірушілер жылдам әрекет етіп, гараждың ішінен 50 л бір кислород баллонның жарылуын алдын алып, оны қауіпсіз жерге тез арада шығарды.

Өрттің беті сағат 19:21-де оқшауланып, сағат 19:28 -де толық сөндірілді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Алдын ала болжам бойынша көлікте техникалық жөндеу барысында электрсымдардың қысқа тұйықталуы орын алған. Нақты себебін және келтірілген материалдық шығынның көлемін құзырлы органдар 10 тәуліктің ішінде анықтайды.

Өртті сөндіруге Өрт сөндіру қызметінің жеке құрамында 23 адам және 5 техникасы, Апаттар медицина орталығының 1 бригадасы жұмылдырылды.

 

QAINAR KÓZШымкент қ.ТЖД ішкі және сыртқаы коммуникциялар тобы