Құтқарушылар Жетісайда суға ағып кеткен жасөспірімді іздеп тапты

216

 

Шымкент қаласы ТЖ департаментінің жедел-құтқару асағының құтқарушылары Түркістан облысы Жетісай ауданында суда іздестіру жұмыстарын жүргізді. Бұл жұмыстар 2020 жылғы 18 шілдеде сағат 07:10-да басталды. Құтқарушы-сүңгуірлер Жетісай қаласында ені 40 м, тереңдігі 5м суармалы «Достық» каналында 2010 ж.т. жасөспірімді іздеген.

Алдын ала белгілі болғандай 17 шілде күні сағат 14-30-да жасөспірім достарымен бірге суға түсуге арналмаған жерде ересектердің қарауынсыз шомылып, суға батып кеткен. Жүргізілген іздестіру жұмыстардың нәтижесінде 2020 жылғы 18 шілдеде сағат 12.05-те құтқарушылар баланың денесін тауып, судан шығарып, туыстарына тапсырды.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына жедел-құтқару жасақтың 6 құтқарушысы, 1 жүзу құралы, Жетісай аудандық полиция бөлімінің 2 қызметкері және туыстарынан 8 адам жұмылдырылды.

Құрметті азаматтар! Алдағы күндері күннің ысуы 40 градустан асуы мүмкін. Сондықтан, ауылға барып, салқын суға шомылар алдын, сақтық шараларды ұмытпаңыздар!