Шардаралық құтқарушылар жасөспірімді құтқарып қалды

239

 

Шымкент қаласы ТЖ департаментінің жедел-құтқару жасағының жеке құрамы шомылу маусымының басталысымен күшейтілген түрде режимге өткен. Әсіресе жедел-құтқару жасақтың Шардара құтқару бекетінің құтқарушылары ерекше қырағылықпен қызметтерін атқаруда. Түркістан облысының Шардара, Жетысай, Отырар аудандарында суда іздестіру-құтқару жұмыстарды жүргізіп келуде.

Өкінішке орай, басым көпшілік жағдайда адамдардың өлі денесін судан шығарады. Ескертулер мен профилактикалық рейдтік іс-шараларға қарамастан, тұрғындар, оның ішінде жасөспірімдер судағы қарапайым ережелерін бұзып, артты қайғылы жағдайға алып келуде. Жасөспірімдер тыйым салынған жерлерде шомылып, балық аулап, ата-аналарының қадағалауынсыз қалып, бұндай жағдайдың арты неге алып келетінін ойламайды.

Осындай оқиғаның бірі Шарадара қаласында Сырдария өзенінде орын алды. Достарымен бірге 30 шілдеде балық аулаға шыққан 2005 жылы туылған жасөспірім қас қағым сәтте өзен ағынына түсіп кеткенін байқамай қалған. Жанындағы екі досы амалдап өзен жағасына шығып, көмекке шақырған. Абырой болғанда олар Шардара құтқару бекетіне жақын жерде болған. Бекеттің кезекшілікте болған құтқарушылары С.Ханин және А.Хандиллаев жедел ден қойып, баланы құтқарып қалған. Судан шығарып оқиға орнына келген аудандық полиция қызметкерлеріне баланы тапсырды. Бұл жолы үш жасөспірім аман-сау қалды.

Алайда сақтық шараларын сақтамағандар қайғылы жағдайға ұшыратындығын естен шығармау керек. Шымкент қаласы ТЖ департаментінің құтқарушылары қала, облыс тұрғындарынан судағы қарапайым қағидаларды сақтауға шақырады:
– тыйым салынған жерлерде шомылуға , балық аулауға болмайды;
– жас балдарды үлкендердің қарауынсыз қалдыруға болмайды;
– масаң түрде шомылуға болмайды;
– белгісіз жерлерде шомылуға болмайды.
КАРАНТИН КЕЗІНДЕ САҚТЫҚ ШАРАЛАРДЫ САҚТАҢЫЗДАР!

 

QAINAR KÓZШымкент қ.ТЖД ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы