Шомылу маусымы басталғалы бері 16 адам суға кеткен

229

Түркістан облысында шомылу маусымы басталғалы бері 16 адам суға кеткен. Сырдария өзенінде екі күнге жалғасқан іздестіру жұмыстардың кезінде құтқарушы-сүңгуірлер 2004 жылы туылған жасөспірімнің денесін судан шығарып, туыстарына табыстады.Төтеншеліктер Төлеби ауданында да суда іздестіру жұмыстарын жүргізді.

Қасқасу елді мекені «Сайрам-Өгем» табиғи ұлттық саябағының аумағынан өтетін Сайрамсу өзеніне батып кеткен Қырғызстан Республикасының азаматшасының денесін судан алып шықты. Салаға жауаптылар жергілкті халықты тыйым салынған орындарда шомылмауды, суға түсу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді.

Мақпал РЫСБАЕВА