Шымкентте медициналық онлайн кеңес беретін сайт іске қосылды. Осылайша тұрғындар енді қашықтықтан ем қабылдай алады.
Науқастар өздері бекітілген емхананың дәрігерлеріне жазылып, бейнекамера арқылы тілдеседі. Бұл халық пен дәрігерлердің уақытын үнемдейді дейді басқарма өкілдері.
Айта кетейік, аталмыш интернет жоба бұған дейін Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағанды қаласында іске қосылған болатын.
Жақсылық Мәуленов, Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының өкілі: «www.1430.kz сайтына қазір 70-ке жуық дәрігер тіркелді. Алдағы уақытта олардың саны 120-ға жетуі мүмкін. Сол кезде онлайн қабылдауда кезек күту мәселесі туындамайтын болады».
Назерке Үкібасова