Жуырда 5 адамнан тұратын демалушылар тобы Төлеби ауданы Қасқасу ауылынан 30 шақырым жерде — «Сайрам-Өгем» ұлттық табиғи парктің аумағындағы «Сайрам-Су» тау шатқалының «Сайрам» мұздығында «долина предков» атты жеріне шыққан. Кейіннен топтың 3 мүшесі жарақатсыз, өз күшімен қайта түсіп, 2-і қалып қойған.
24 тамыз күні сағат 14:52-де құтқарушылар теңіз деңгейінен 3500 м жерде шатқалға құлаған 1978 жылы туылған азамат Н.-ды табады. Сағат 21:30-да құтқару тобы зардап шеккен азаматты таудан түсіріп, жедел жәрдем тобына тапсырды.
25 тамыз күні сағат 14:50-де Шымкент қаласы ТЖД ЖҚЖ (6 құтқарушы және 1 бірлік техника), ТЖД (3 қызметкер және 2 бірлік техника), Шымкент қ. «Альпинизм және спорт туризмі федерациясы» БҚ (5 альпинист), ҚР ІІМ ТЖК «Қазавиаспас» АҚ (1 вертолет), АПБ (2 қызметкер және 1 бірлік техника) және «Сайрам-Өгем» ұлттық табиғи паркінен (5 жұмысшы) күшінен жұмылдырылған құтқару тобы (теңіз деңгейінен 3800 м биіктіктен) мұздықтың жарығына (тереңдігі шамамен 6 метр және ені 50 см) құлап қайтыс болған 1981 жылы туылған азаматша А.-ның денесін тауып, сағат 20:24-те денесін төменге түсірді.
Сағат 20:33-те полиция қызметкерлеріне тапсырды. Қазіргі таңда аталған оқиға бойынша сот медициналық сараптама тағайындалды.