Сайрам ауданында ағын су қызыл қанға боялды

333

 

Кеше 10 тамыз 2020 жылы кешкісін Сайрам ауданы әкімінің WhatsApp қызметіне ағын судың қызыл түске боялып ағып жатқаны, оның «қан болуы мүмкін» деген болжам айтылған видеолары келіп түсті.

Аталған видео бойынша анықтау жұмыстары жүргізілді. Кешкісін қас қарайғандықтан анықтау бүгінге қалған.

Бүгін таңсәріден Қарабұлақ Ауылдық округінің әкімі Мамыржан Шадиев, учаскелік Полиция, ҚР АШМ ВБжҚҚ Сайрам аудандық аумақтық инспекциясының ветеринар-инспекторы оқиға орын алған орынды анықтады.

Кәсіпкер Нимат Юлдашев 20 жылдан бері мал бордақылаумен айналысып келе жатқанын және мұндай жағдай бірінші рет орын алғанын, малдың қанын жинайтын бетонның жарылып кеткенін жарты сағат өткенде байқағанын айтып түсіндіруде.

Дегенмен, қоршаған ортаны ластау фактісі бойынша акт толтырылды. Қандай шара көрілетіні туралы тағы да толық ақпарат тарататын боламыз.

 

QAINAR KÓZСайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі