Сарыағаш қаласында астыртын ішімдік шығарған цех анықталды

236

Астыртын арақ шығарған адам ұсталды. Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында Сарыағаш қаласында көлеңкелі бизнеспен айналысып жүрген тұрғын анықталды.

Тексеру барысында сапасы күмән тудыратын желімделген бөтелкедегі «Пшеничная» алкоголь өнімін, сонымен қатар құрамында спирті бар сұйықтықтарды 1,3 және 5 литрлік пластикалық ыдыстарға құйып дайындайтын астыртын суррогатты алкоголь цехы жойылды.

Анықталғанындай цехта көлемі 2380 бөтелке «Пшеничная» алкоголь өнімі, 99 дана 5 литрлік және 775 дана 1,3 литрлік пластикалық ыдыс, 5000 дана металл қақпақ және 1200 литр спирт тәркіленіп алынды.

Нұрлан Жүзеев, Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің әкімшілік бөлімінің бас маманы: «Аталған факті бойынша ҚР ҚК 233 бабының 2-ші тармағымен іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде».

Ғалымжан Кенжебек