Бұл Шымкенттегі №129 жалпы орта мектептің кітапханасы. Мұнда жаңа оқу жылына қажетті оқулықтар сұрыпталып жатыр. Биыл бала саны артып отырғандықтан, кітапға деген тапсырыс көлемі де көбейген.
Мектеп басшылығы бұл жылы 1600-ден астам оқушыға қажетті оқу құралдарын жалпы тізімге қосқан. Әзірге оқулықтардың 20 пайызы ғана әкелінді дейді кітапхана меңгерушісі.
Аққыз АЗИМБАЕВА, №129 жалпы орта мектептің кітапханашысы: «Енді 60 пайызын күтіп отыр. 1-сынып пен 8 сынып толықтай оқушылықпен қамтылып жатыр».
Жылдағыдай оқушылар мен ата-аналар қажетті оқулықтарын сынып ішіне кіріп ала алмайды. Мұғалімдер адамдардың шоғырлануын болдырмас үшін оларды әр уақытқа шақырады. Кітаптар арнайы бұрыштардан таратылып жатыр.
Биыл Шымкент мектептеріне 222 мыңнан астам оқушы барады. Шәкірттерге қажетті оқулықтардың әзірге 60 пайызы жеткізілген. Бүгіннің өзінде 4 жүк көлігімен кітаптар әкелінді дейді басқарма басшысы.
Жанат ТӘЖИЕВА, Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы: «Жаңа оқу жылында 11-сыныптарды оқулықтармен 100 пайыз және қалған сынып оқушыларын қосымша кітаппен қамтамасыз ету үшін баспалармен толық келісімшарт жасалып, оқулықтарды тасымалдау басталған».
Шаһардың бас ұстазы шәкірттер тиісті оқулықтармен 100 пайыз қамтылады дейді. Кітаппен қамту жұмыстары 25 тамызға дейін жалғасады.
Мақпал РЫСБАЕВА