Шымкентте алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары жүргізілуде. Шаһардағы 16 сорғыш станциясының бесеуінде биыл жөндеу жұмыстары қолға алынған.
Бұдан бөлек, «Қуатжылуорталық-3″ мекемесінде тұтынған жылуға есеп айырыспаған жеке және заңды тұлғалармен жұмыс жүргізілуде. Мәселен, өткен жылыту маусымында қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің 72 мың тұтынушысы орталықтандырылған жүйе арқылы жылумен қамтылған.
Алайда тұтынушылардың жылу берушілерге берешегі 300 млн. теңгеге жеткен. Оның 40 млн. теңгесі коммерциялық құрылымдарға тиесілі.
Пердебай Сәбитов,» Қуатжылуорталық-3″ МКМ басшысы: «Тұрғылықты халық 260 млн. теңге қарыз. Олардың 114 млн-ы өткен жылу маусымындағы қарыз болса, 140 млн-ы соңғы бес жылда қордаланған берешектер. Сонымен қатар, коммерциялық құрылымдардың 40 млн. теңге көлемінде қарызы бар».
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылу маусымында орталықтандырылған жылу жүйесінен 72 мың абонент жылумен қамтылған.
Шынар Оразова