Úı ANONS 3 жұмысшыға 36 млн. теңге қарыз

3 жұмысшыға 36 млн. теңге қарыз

Шымкентте прокуратура қызметкерлері банкрот болғанын жариялап, оны рәсімдеуге кіріскен кәсіпорындарды тексеріп жатыр. Кей кәсіпорындардан заңбұзушылықтар да анықталған. Оларға айыппұл салынған.

Шымкент қалалық прокуратуралы банкротқа ұшырап, оны рәсімдеу барысында заңбұзушылықтарды анықтады. Мысалы, кәсіпорын мүлкі бола тұра жұмысшылардың еңбек жалақысын бермей отырған.

БАТЫР ЕРГЕШОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫ БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Біз айлық жалақы бойынша қарыздарды тек қана істеп жатқан мекемелерде ғана емес, банкроттық рәсім жүріп жатқан мекемелерде де талдау жүргіземіз үнемі. Талдау жүргізу барысында бізде 68 жұмысшы алдында банкроттық рәсім жүріп жатқан мекемелерде 86 миллион теңге жалақы қарызы орын алып жатқаны біраз уақыттан бері төлемей жатқаны анықталды».

Батыр Ергешовтің сөзінше, прокурорлар банкроттық рәсімнің өткізу заңдылығына талдау жүргізген. Талдау кезінде, айталық, 1 жылдан бері кәсіпорын өз меншігіндегі қымбат автокөлікті банкроттық басқарушыға тапсырмаған. Нәтижесінде, кәсіпкер заң талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылып, 500 мың теңге шамасында айыппұл төлеген.

БАТЫР ЕРГЕШОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫ БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Сонымен қатар «Конти-Строй» деген мекеме 22 жұмысшыға қарызы бола тұра айлық жалақы бойынша атындағы 7-ден аса көлікті аукционға шығармау дерегі анықталды. Ол туралы банкроттық басқарушы созбалаңдыққа салған осы әрекеті рәсімді созбалаңдыққа салып, жұмысшылардың айлық жалақысын төлеуді кешіктірген банкроттың басқарушының үстінен де әкімшілік іс қозғадық. Оған тиісті әкімшілік айыппұл салынды, толық төленді».

Бұл бағытта прокурорлық қадағалаудың 3 түрі бар. Оның бірі қашықтан талдау жүргізу. Бұл кәсіпорынның жұмысына кедергі етпейді дейді мамандар. Тексеру кезінде кемшіліктер анықталса, тиісті шаралар қолданылады. Айта кетейік, дәл қазір қалада 2 кәсіпорында банкроттық рәсімдеу жүріп жатыр. Бұл мекемелердің 3 жұмысшы алдында 36 миллион теңге берешегі бар.

Дилара Иса