Коронавирустан 150-ге жуық шымкенттік емделіп жатыр. Осылай деген қаланың денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы жағдайдың әлдеқайда тұрақталғанын айтады.
Бүгінде ауруханада 85 пайыз орын бос тұр. Соңғы екі тәулікте вирус ешкімнен анықталмаған. Осыған қарамастан қала басқармасы екінші толқынға дайындықтың тоқтамағанын айтады.
Еске сала кетейік, апта басында еліміздің бас дәрігері тұмауға қарсы 2 млн-нан астам вакцинаның жеткізілгенін айтқан еді. Оның 129 мыңы Шымкентке бұйырыпты. Осылай деген Ғалымжан Әбішев екпенің 15- қыркүйектен бастап салынатынын айтады. Қаланың денсаулық сақтау басқармасындағылар қосымша тағы 90 мың екпе әкелуді жоспарлап отыр.
Назерке Үкібасова