Арыс қаласында жеке кәсіпке бет бұрғандар көбейіп келеді. Ол үшін тұрғындар алдымен тігіншілік, аспаздық сынды салада білім шыңдап жүр.
Осыдан кейін, мемлекеттен бөлінген қайтарымсыз қаржымен бизнес бастауға көшкен. Солардың бірі — Балнұр Төрехан. Өткен жылы ғана тігіншілікті меңгерген ол биыл үйден цех ашып, орамал сатып жүр. Күніне 10 орамал сатамын деген келіншек, айына 300 мың теңге табыс табатынын айтады.
Кәсіптік біліммен жеке кәсіпте бағы жанғандардың тағы бірі — Алым Оспанхан. Ол мемлекеттен қайтарымсыз 505 мың теңге алып, фаст-фуд дүңгіршегін ашқан. Күніне 20 мың теңге табыс табамын деген ол енді жылдам тамақтану желісін ашуды көздеп отыр. Айта кетейік, биыл өңірде жеке кәсіп бойынша 139 грант бөлінген. Бүгінге дейін оның 80-і игеріліп үлгерген.
Назерке Үкібасова