Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ұжымымен кездесті. Бүгінде пандемия жағдайына байланысты онлайн оқу жүйесіне өткен білім ордасының дәріс беру тәсілімен танысты.
Қызметтердің қаншалықты қолжетімділігін байқады. Арнайы платформалар арқылы қашықтан білім алып жүрген жастардың жағдайымен танысуға мүмкіндік алды. Кездесу барысында әкім Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының жұмысымен танысты.
Бұл орталық шетелдік оқу орындарымен халықаралық байланыс орнату бағытында жұмыс істейді. Білім алушылар Германия, Испания, Польша, Италиядағы үздік білім ордаларына барып, түрлі бағыттарда білімдерін жетілдіреді.
Мақпал Рысбаева