Шымкент қаласының әкімі депутаттарға есеп берді

202

Шымкентте эпидемиологиялық жағдай тұрақталғандықтан, қалалық мәслихаттың кезекті 69-шы сессиясы оффлайн режимде өтті.

Бұл отырыста депутаттардың қарауына ұсынылған 32 мәселенің негізгісі қала әкімінің өзіне жүктелген міндеттердің орындалуы жөніндегі есебі болды.

Бүкіл әлемде орын алған коронавирус пандемиясының кесірі Шымкентте бірқатар жоспарланған жобаларға өзгерістер енгізуге тура келген. Алайда, осыған қарамастан өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы салаларында, инфрақұрылымды дамытуда өсу динамикасы сақталған. Осылай деген Шымкент әкімі бүгінгі мәслихат сессиясында депутаттар алдында 8 айда атқарылған шаруалары туралы есеп берді.
Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласының әкімі: «Қаланың іскерлік белсенділігін көтеру үшін бюджет көлемін 2019 жылмен салыстырғанда 2 есеге ұлғайттық, 450 млрд. Осының есебінен негізгі капиталға бағытталған инвестиция 24.8, құрылыс жұмыстары көлемі 63, тұрғын үй 22.8 өсті. АШ өнімі 3,7 өнеркәсіп 0.2 пайызға артты».

Қала басшысы қауіпті індеттің зардабын да жасырмады. Маусым-шілдеде пневмония жұқтырғандар саны өсіп, медицина саласына жүктеме 2-3 есе артқан. Бюджеттен үнемделген қаржылар қажетті медициналық жабдықтар мен дәрі-дәрмектер сатып алуға жұмсалыпты. Ал карантинге байланысты қызметі тоқтатылған бизнес өкілдері қолдаусыз қалмаған.

Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласының әкімі: «Үкімет те өз тарапынан карантин кезеңінде жұмысы тоқтатылған қоғамдық тамақтандыру орындары, қонақ үйлер, мейрамханалар мен ойын-сауық, сауда орындарында қызмет ететін кәсіпкерлерді мүлік салығын төлеуден босатты. Олардан бюджетке түспеген шығынды 5,4 млрд теңгені үкімет өз есебінен толықтырды».

Мегаполис мәртебесіне  ие Шымкентте ауыз суды әлі де тасып ішетін елдімекендер бар. Дегенмен қала әкімі бұл мәселені келе жылы шешеміз деп отыр. Тек ауыз су емес, елдімекендерді ауыз су, сапалы электр энергиясымен қамту, газдандыру мәселелері де күн тәртібінен түспей, жұмыстар әлі жалғасуда. Сумен қамту бойынша 22 нысанда , 12-сі  кәріз жүйесі, бұдан бөлек ескірген бағагалар мен электр желілерін алмастыру бағытында  жұмыс қолға алынған.

Атқарылып жатқан жұмыстарға куәміз деген депутатар әкімнің есебін оң бағалады. Сонымен күн тәртібіне енгізілген қалған 31 мәселе алдын тұрақты комиссиялар отырысында жан-жақты қаралғандықтан олар бойынша шешімдер бір ауыздан қабылданды.

Шынар Оразова