Қалалық ақпараттық-ағартушылық штаб мүшесі, «Парасат» басқармасының басшысы Г.Дулатова М.Әуезов атындағы ОҚУ «Механика және мұнай газ ісі», «Тарих және педагогика» факультетінің білім алушыларына сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, парасаттылық құндылықтарын қалыптастыру бағытында онлайн форматта кездесу өткізді. Іс-шарада Штаб құрудың маңыздылығы мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы жастардың рөлі талқыланды.
Сондай-ақ, Штаб мүшесі адал еңбекті, адал ара қатынасты өмірлік ұстаным етуді дәріптеген ақын, жазушылардың еңбектеріне тоқталып, ұлы тұлғалардан үлгі алып, әділ болуға шақырды. Әділ болу – адам ақысын жемеу, дұрыс шешім қабылдау, шындыққа жүгіну секілді түсініктерді құрайтындығын айтып, ондай азаматтарға қоғамда да сенімнің мол болатындығын жеткізді.
Гүлбақыт Дулатова сөзін қорытындылай келе, «ең әуелі сыбайлас жемқорлықтың салдарымен күресу емес, оның алдын алудың жолын әрбір қазақстандық өз отбасында дәріптесе, қоғам дертіне қарсы иммунитетті де нықтаған болар едік» — деді.