Түркістан: Пандемия кезінде бизнес субьектілерінің қатары 2,5 пайызға өскен

160

Пандемия кезінде Түркістан облысында бизнес өкілдері екі жарым процентке өскен. Осылай деген облыстың кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы жеке кәсіпке бет бұрғандарға карантиннің де кедергі болмағанын айтады. Нәтижесінде күнгейдегі шағын және орта бизнес тіркелушілері 141 881-ге жеткен.

Нұрбақыт Иманқұлов, Түркістан облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы: «Кәсіпкерлік субьектілері қатты дамып келе жатыр. Түркістан облысында 141 мың 881 шағын және орта бизнес тіркелген. Осы пандемияға қарамастан өсім бар».

Бірақ, бұл карантин салқыны бизнес өкілдерінің барлығын айналып өтті деген сөз емес. Кризис кесірі кей сауда иелерін тоқырауға жеткізген. Сондықтан Түркістан облысында «Бизнеске арналған үкімет» орталығы ашылыпты. Онда бизнес бастаймын деушілерге ақыл кеңес пен қаржылық қолдау көрсетіледі.

Нұрбақыт ИМАНҚҰЛОВ, Түркістан облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы: «Кәсіпкерлерді қолдау шаралары мемлекеттің тікелей назарында болып, екі антикризистік шара қабылданғанын атап айтқып кеп отыр. Үкімет тарапынан кешенді жоспар бекітілген. 3 бағытта кәсіпкерлерге қолдау көрсетіліп отыр. Жеңілдетілген қаржыландыру, несиелік және салықтық жеңілдіктер».

Назерке Үкібасова