ҰБТ: Өзгерістер енгізіледі

134

Алдағы жылы ҰБТ-ге өзгерістер енгізіледі. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов бұл пікірін өзінің Facebook парақшасында жариялады.

Министр сұрақтардың мазмұны әлі де көңілінен шықпайтынын жеткізді. Айтуынша, сұрақтардың басым бөлігі әлі де қажетсіз фактілерді жаттап, есте сақтауға бағытталған.

Пкіріне қарағанда, бірінші орынға сыни ойлау мен функционалдық сауаттылықты қоймаса, жаттанды ақпаратты автоматты түрде айту арқылы оқу процесінің маңыздылығы жоғалады.

Тестің базасын SAT, PISA секілді тестердің үлгісі бойынша толық жаңарту мәселесі тұр деген сала басшысы бұл мүлдем басқа сипаттағы тапсырмалар, яғни тесте жаттап алуға, көшіруге мүмкіндік бермейтін сұрақтар болуы керек деп есептейді.

Асқат АЙМАҒАМБЕТОВ, Білім және ғылым министрі: «Сауатты, әрі түсінікті сұрақтар. Бұл – алдағы уақытта атқаратын өте ауқымды әрі маңызды жұмыс. Аталған шараның барлығы алдын ала ғылыми деректердің негізінде сарапшылар мен педагогтердің талқылауы арқылы қабылданатыны сөзсіз. Содан кейін ғана нақты шешім қабылданады. Цифрландыру дәуірінде комиссия құрамында бірнеше мың адамның болуын қамтамасыз ету үшін 1,5 миллиард теңге жұмсауға жол берілмеуі керек, оның үстіне бұның нәтижесі – тиімсіз. Сондықтан бұл рәсім заманауи прокторинг пен бейнебақылау жүйесі қамтамасыз етілген электронды форматқа өтеді».

Мақпал РЫСБАЕВА