Карантин кезінде қажырлы еңбек еткендер жұмысы ақыры еленді. Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов шаһардағы 20 азаматқа «Халық алғысы» төсбелгісін табыстады.
Олардың арасында тауарлар мен көрсетілетін қызмет сапасын бақылау департаментінің басшысы, дәрігерлер, медбикелер мен журналистер бар.
Бұдан бөлек, Президент жіберген медальға ие болғандардың арасында «ЛТД Тұрмыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жүргізушілері, әлеуметтік орталық тазалаушылары да бар. Солардың бірі — Шахадат Дүйсенбаева. 12 жыл бойы №1 орталықта жұмыс істеп жүрген ол карантин режиміндегі жұмыстың оңай болмағанын айтады.
Бұдан бөлек, «Халық алғысы» еріктілерге де табысталды. Шымкент қаласы бойынша бүгінде 3000 ерікті тіркеліп, жұртқа жұмыла жәрдем беріп жүр.
Назерке Үкібасова