Шымкент: Жол құрылысы тексеріліп жатыр

310

Биыл Шымкент жолдары бұрын-соңды болмаған жөндеу көріп жатыр. Ол үшін қала бюджетінен 27 млрд. теңге бөлінген еді. Алайда, басталған құрылыс құны сапасына қаншалықты сай келеді? Бұл сұраққа жауап алу үшін арнайы топ тексеруге шықты.

Осы жылы Шымкент жолдарында бұрын-соңды болмаған жөндеу жұмыстары басталды. Барлығы 414 шақырымды алып жатқан құрылыстың алды аяқталып, қолданысқа берілмек. Бірақ, оған дейін жөндеуден өткен жол сыналады. Ол үшін қалада құрылған арнайы топ тексеріске шықты.

Мониторинг тобы тек жол сапасын емес, жиектас пен жаяу жүргіншілер жолын да електен өткізді. Құрылысы аяқталған жерді бірнеше рет соққан мамандар осылайша сапаны сынады. Егер аяқталған жұмыс шытынымаса, демек жұмыстың абыроймен атқарылғаны.

Ал, егер жұмыс сапасы сыр берсе, мемлекеттік сатып алуды жеңіп алған мердігерге қателіктерді қайта түзеуге тура келеді.

Шымкентте басталған жол құрылысына қала тұрғындары дән риза. Тек, басталған жөндеудің тезірек аяқталып, сапалы болғанын тілеп отыр.

Айта кетейік, қалада басталған ірі жол құрылысының тағы бірі Ташкентке апарар жолы. Д. Қонаев даңғылындағы бұл бағытпен бір тәулікте 55 мың автокөлік жүруіне мүмкіндік жасалмақ.

Назерке Үкібасова