Түркістан қаласын дамыту тұжырымдамасы шеңберінде облыс орталығында ақпараттық-мультимедиялық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған жоба жүзеге асырылуда. Жоба бойынша 215 жарнамалық құрылымды 3 кезеңде орнату жоспарлануда. Бүгінгі күні серіктес-инвестордың есебінен жалпы сомасы 400 млн. астам теңгеге 34 жарнамалық құрылым орнатылып, жобаның бірінші кезеңі аяқталды.
Баян Каюпова, «Түркістан» ӘКК» АҚ инфрақұрылым мен туризмді дамыту департаментінің директоры: «Мен республикада баламасы жоқ супербордтың алдында тұрмын. Жарнамалық құрылымның LED экранында туристік бағыттарға қатысты ақпарат беріліп тұрады. 2021 жылдың соңына дейін 181 жарнамалық құрылымды орнатуды жоспарлаудамыз».
Келешекте қалалықтар, қонақтар, туристер LED экраны арқылы түрлі мәдени-спорт шараларын тамашалауға мүмкіндік алады. Гүлдер саябағында орнатылған жарнамалық құрылым қаланың келбетіне ерекше көрік беріп тұр.
Шынар Оразова