Шымкент өрт оқиғалары бойынша елімізде көш бастап тұр. Өткен жылы қалада ірі қызыл жалын алса, биыл апатты жағдай 24-ке жеткен. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында айтылды.
Ал, қала басшысы болса, төтенше жағдай департаменті қосымша 31 техника сатып алғанын айтады. Осыған қарамастан шаһарда өрт оқиғалары азаймай тұр.
Жылыту маусымы басталғалы елімізде өрт оқиғалары жиілеп кетті. Қызыл жалын артқан аймақтар көшін Шымкент бастап тұр. Биыл үшінші мегаполисте өрт өткен жылмен салыстырғанда 8 есеге көбейіп, биыл 24-ке жетіпті.
Асқар МАМИН, ҚР Премьер-министрі: «Статистикаға қарағанда кейбір өңірлерде өрт саны, адамдардың жарақаттану, қаза болуы көбейген. Әсіресе, Шымкент, Алматы қалаларында, Ақмола, СҚ, Қызылорда облыстарында жер үйлерде өрт саны көйбейгеніне назарларыңызды аударғым келеді».
Ал, Шымкент әкімі төтенше жағдайды қалпына келтіру үшін іске кіріскенін айтады. Ол үшін төтенше жағдай департаменті 31 көлік сатып алған. Қала бюджетінен қаралған 4 млрд. теңгеге техникалар Беларусиядан жеткізілген.
Мұрат ӘЙТЕНОВ, Шымкент қаласының әкімі: «Айта кетсек, анықтама ретінде 24 өрттің ішіне 7 көпқабатты тұрғын үйде, 17 жеке тұрғын үйе орын алған. Өрттердің шығу себептеріне талдау жүргізу нәтижесінде өрт оқиғасының 14 немесе 60 пайызы электр сымдары мен құралдарын дұрыс пайдаланбауынан туындаған».
Бұдан бөлек, жауаптылар елдегі эпидемиологиялық ахуалды да талқылады. Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда вирус жұқтыру саны 0,4 пайызға көбейген. Індет өршіп тұрған аймақтар арасында Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстары бар.
Осылай деген Қазақстанның бас дәрігерінің сөзінен соң шекараға шектеулер күшейетін болды. 57 елге визасыз режим тоқтатылып, Түркияға әуе рейстерін 33-тен 20-ға қысқарту шешімі шығарылды.
Назерке Үкібасова