Аяз-ата мен Ақшақарды үйге шақырмауға кеңес береді

363
фото Inbusiness.kz

Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері түрлі мерекелік іс-шаралар мен жаңа жылдық корпоративтерді өткізуге тыйым салынғанын еске салады. Сонымен қатар, бетперде режимін, әлеуметтік ара қашықтықты және карантиндік талаптарды қатаң сақтауға шақырады.

Қала тұрғындары қауіптің әлі сейілмегенін түсінуі қажет. Қорғаныс құралдары инфекция таралуының алдын алудың бірден-бір себебі болып табылады.

ҚР ВАК (МВК) және ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына сәйкес, Аяз-ата мен Ақшақарды үйге шақыруға тыйым салынбаған. Бірақ, коронавирустық инфекцияның симтомсыз түрлері тіркелуде, сондықтан ауырып қалу қаупі өте жоғары. Короновурус инфекциясын алдын алу үшін, Аяз-ата мен Ақшақарды шақырмауға кеңес береді.