«Мемлекетке алақан жаймаймын»

318

Гүлзира Ескендірованың жұмыс күні таңғы 5-те басталады. Сауыншының қызметіне сиырға жем беру, астын тазалау және оны сауу кіреді. Олардың мінезі де әр түрлі дейді сауыншы. Соған байланысты әрқайсысына әртүрлі қадам жасайды. Айта кетейік, фермадағы сиыр саны 60-тан асады.

 


10 жыл бұрын Гүлзира екі баласымен жалғыз қалған. Осыдан кейін ешкімнен көмек күтпей жұмысқа кірісіпті. Сауыншылықты туған жері Төлеби ауданында бастаған.


Гүлзира Ескендірова, Түркістан облысы, Төлеби ауданыны тұрғыны: «Мен жалғыз қалдым. Күйеуім 11 жыл бұрын таулы Қарабахқа соғысқа кетті. Содан оралған жоқ. Осыдан кейін қайта күш жинап жұмыс істеуге кірістім».

Жалғызбасты ана жәрдемақыға өтініш бермеген. «Күш пен денсаулық барда балаларымды өзім асыраймын» деп шештім дейді.


Гүлзира Ескендірова, Түркістан облысы, Төлеби ауданыны тұрғыны: «Мен ешкімнен ештеңе сұрамаймын. Менде бәрі бар. Ешкімге ренішім де жоқ. Әр есікті қағып, уақыт кетіргеннің қажеті қанша? Қол-аяғым бүтін. Жұмыс істеу керек. Маған бәрі жетеді».


Сауыншының азды-көпті жалақысын алатын әйел үнемдеуді де үйренген. Бүгінде балаларының білім алуына ақша жинап жүр.

Сауыншы қызметінің аты сауын машинасының операторына ауысқалы біраз болды. Бірақ, осыған қарамастан мамандар жұмысы сол баяғыдай ауыр. Бірақ оны біздің кейіпкеріміз еш ауырлыққа баламайды.

Назерке Үкібасова